AOGU supports UN Agenda

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мектеп түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие және қоғамға қажет мамандықты таңдауына кәсіби бағдар беру мақсатында арнайы шараларды ұйымдастыра бастады.
Осы мақсатта қаламыздағы № 10 мектептің жоғары сынып оқушылары ТМД-да теңдесі жоқ ғимарат – Нұрлан Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту Орталығындағы мұнай музейімен танысты. Оқушыларға Атырау өңіріндегі кен орындарынан алынған мұнай шикізатын көрсетіп, Led экран арқылы мұнай тарихы: өткені, бүгіні және келешегі туралы тың деректер жеткізілді. Мұнай өнеркәсібі, мұнай-газ өндіретін компаниялар, мұнай өнімдері мен мұнайшылар әулеті жөніндегі мәліметтер де оқушылардың назарына ұсынылды.
Сонымен бірге оқушылар университеттің Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Қ.Оразбаевтың арнайы мотивациялық дәрісін тыңдады.

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN