AOGU supports UN Agenda

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледждің «Мұнай-газды өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша білім алушы 3 курс студенттері С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінен оқу практикасынан өтіп жатыр. Практика 20-30 желтоқсан аралығында университеттің Мұнай-химия инженериясы және экология институты базасындағы зертханаларда болады.
Колледж студенттері алғашқы күнді республикада теңдесі жоқ Н.Ө.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығындағы мұнай музейімен танысудан бастады.
Колледж студенттері даңқты мұнайшы Нұрлан Өтепұлы Балғымбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы мәліметтермен танысты. Сондай-ақ өңірдегі кенорындарынан алынған мұнайды шикізат түрінде көріп, мұнайдың пайда болу тарихы, кен игеру жолдары, мұнай құбырлары арқылы тасымалдау әдістері, мұнай өнімдері туралы көптеген мәліметтер алды.
Колледж студенттері экскурсиядан алған жақсы әсерлерімен бөлісті және алдағы уақытта С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері қатарына қосылуға ниетті екендіктерін жеткізді.

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN