AOGU supports UN Agenda

Төлеуіш Пәуеденұлы Серіков. ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, мұнай-газ саласында жоғары мектеп ұйымдастырушысы. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің негізін қалаған алғашқы ректоры.

Ұстаздар күніне орай университет ұжымы Төлеуіш Пәуеденұлын құрметпен еске алып, «Заңғар» атты кітап шығарды. Өмірінде сыйлас болған, жол сілтеген аға буын өкілдері, қатарлас замандастары, шәкірттерінің естелігі мен фотосуреттер жинағынан құралған кітаптың тұсаукесер рәсіміне облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты.

Аймақ басшысы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, Төлеуіш Серіковтің өнегелі өмір жолы бүгінгі жастарға үлгі екенін атап өтті.

Шараға қатысқан «Атырау облысының құрметті азаматы», қоғам қайраткері Рашила Мурсалиева, «Жер қойнауын барлау үздігі» Самат Қадыров, «Next 2050» компаниясы бизнесті дамыту жөніндегі директоры Олжас Әбилдаевтар кітап кейіпкерін еске алып, естеліктерімен бөлісті.

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы Гүлзада Тәңірбергенқызы Шакуликованың идеясымен жарық көрген кітаптың шығуына университеттің түлектер Ассоцияциясы, шәкірттері Олжас Әбилдаев пен Нұржан Ермұханов демеушілік жасады.


Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN