AOGU supports UN Agenda

МЕМОРАНДУМ: АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ

Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орны – М.С.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ – енді біздің серіктесіміз! Бүгін екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақ мемлекеттік заң университеті базасында М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ ректоры Талғат Мақсотұлының бастамасымен құрылған академиялық адалдық Лигасы білім беру процесінің сапасы мен ашықтығын арттыру мақсатында еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының күшін біріктіре отырып, өз миссиясын жүзеге асырып отыр.

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің академиялық саясаты білім беру сапасының стандартын көтеруге бағытталған. Университет еліміздегі мұнай-газ кешеніне мамандар даярлаудың құзырет Орталығына айналуды мақсат етеді. Осы орайда ашықтық пен айқындық қағидаларын ұстана отырып, академиялық адалдық Лигасы құрамына кіруді көздейді.

Бүгінде Университет жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады. Сонымен қатар, біз фокусты теориялық материалдар негізінде академиялық жетістіктерді бағалаудан білім алушының тәжірибесін кешенді бағалауға ауыстырамыз, ол тұрақты дамуды ұсынатын университеттің экожүйесінде студенттің академиялық және әлеуметтік-мәдени дамуына септігін тигізеді.

Бұл қадам оқыту және білім беру бағдарламасының сапасы саласындағы жұмыстарды жақсартуға және білім беру қызметінде, соның ішінде жоғары білікті кадрлар даярлауда түрлі процестерді тиімді басқаруға ықпалын тигізеді.

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN