AOGU supports UN Agenda

Оқу орны қабырғасында алған теориялық білімдерін шыңдап, ертеңгі маманның кәсіби құзіреттілігін жетілдіруде практиканың орны бөлек. С.Өтебаев атындағы АтМГУ-да қазіргі пандемия уақытында да студенттердің кен орындарына барып, мұнай-газды өндіру, өңдеу процестерін, көмірсутек шикізатын өндіру технологияларымен танысуға мүмкіндік жасалған.
Кәсіптік практика мамандарды даярлау бейініне сәйкес келетін ұйымдарда жүргізіледі және оқыту процесінде алынған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды алуға және озық тәжірибені игеруге бағытталған.
Оқу орнының Индустриалдық комитеті ұсынған кен орындарына санитарлық сақтылықты толықтай ұстанып, арнайы автобустармен студенттердің (15 адамнан) шектеулі санымен барып келеді.
Мұнай-газ факультеті апта сайын мамандықтарына қарай осындай тәртіпте өңірде орналасқан кен орындарына баруды жақсы жолға қойған.

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN