AOGU supports UN Agenda

Осындай тақырыппен 03. 12. 2020ж. С.Өтебаев атындағы АтМГУ-де Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы), Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана) және Атырау инженерлі-гуманитарлық институтының студенттері қатысты. Конференция өз жұмысын жартылай онлайн, жартылай оффлайн форматында өткізді.
Конференцияны университетіміздің тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Б.С.Нығметов ашты. Ғалым өз сөзінде қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, соның ішінде ЮНЕСКО аясында өткізілуінің өзі бұл шараға қандай дайындықпен қатысуды міндеттейтінін ерекше атап өтті. Бүгінгі конференцияға қатысушы студент жастарға сәттілік тіледі.
Конференция жұмысы жоспар бойынша өтті. Қатысқан әр баяндамашы студент жастар өздерінің тыңғылықты, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» дегендей тарихшы, филолог, философ және мұнай- газ саласының болашақ мамандары, студент жастарымыз бірі мемлекеттік тілде, бірі орыс тілінде, ал бірі ағылшын тілінде өз баяндамаларын қорғады. Конференция соңында қатысушыларға алғыс табысталды.
Абай шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасы емес. Шетелдіктер қазақты Абай арқылы таниды, ақынның жырлары арқылы бағалайды. Оның жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы шығармалары бүкіл халықаралық қауымдастыққа жатады, әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылады. «Сондықтан Абай мерейтойы келер жылы да өз жалғасын табады деген сенімдеміз» дейді ұйымдастырушылар.

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN