AOGU supports UN Agenda

EdCrunch On Demand ғаламдық конференция жұмысына біздің университеттің профессор-оқытушылар құрамы да қатысып, сертификат алды. Білім берудегі жаңа технологиялар жайлы жан-жақты мағлұматтар айтылған конференцияға әлем бойынша 15 елден 200 спикер мен 10 000 тыңдаушы қатысқан.
Білім беру саласында жаңа технологияларды қалай құруға және дамытуға болады? Мақсатты аудиторияның қажеттіліктерін қалай анықтаймыз? EdTech нарығы. Команданы қалай дамыту керек, талантты қызметкерлерді қайдан іздейміз? Тұтынушыдан кері байланысты жылдам алудың жолдары қандай? – деген сауалдарға нақты жауаптар айтылды.
Онлайн байланыс арқылы ұйымдастырылған конференцияға қатысқан АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің профессоры, атақты нейроэндокринолог Роберт Сапольски, Khan Academy негізін қалаушы Салман Хан, Франциядағы ЭЫДҰ директоры Андреас Шляйхер, Ұлыбританиядағы UCL Knowledge Lab профессоры Роуз Лакин, АҚШ Coursera бас директоры Джеф Маджионкалда, АҚШ Гарвард университетінің профессоры Кристофер Диди, EdCrunch конференциясының бағдарламалық директоры, «МИСиС» ҰТЗУ EdCrunch University Орталығы директоры Нұрлан Қиясов, басқа да ғалымдардың баяндамаларын университет оқытушылары қызығушылықпен тыңдады.

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN