AOGU supports UN Agenda

«Атырау. Маленькая страна» әлеуметтік ауылы
2020 жылдың 10 желтоқсанында университеттің жаңа жылға дейін «100 қайырымды іс» акциясы «Атырау. Маленькая страна» әлеуметтік ауылында жалғасты. Бұл жолы оқу орнының Халықаралық офис мамандары аталған әлеуметтік ауылының жылқыларына қоректі жемдерін сатып алып, көмек көрсетті.
«Атырау. Маленькая страна» әлеуметтік ауылы – өзінің көлемі жағынан бұл әлемдегі Кэмпхиллден (Ұлыбритания) және Светланадан (Ресей, Ярославль облысы) кейінгі үшінші ірі жоба. Жетекшісі аты «100 жаңа есім» жобасына енген республика, халықаралық деңгейде елге қайырымдылық істерімен, кең жүрегімен танымал жерлесімізі-Ерлан Күмісқалиев.
Пандемия кезінде және қыста ауылдағы барлық жылқыларды жем-шөбімен қамту және күту оңай емес. Өйткені, бұл жылқылар ерекше күтімді қажет етеді, себебі өңірдегі тірек-қимыл қозғалысы зақымдалған балаларды иппотерапии мен канистерапии емі жүргізіледі.
Жоба жетекшісінің айтуынша, келесі жылдан бастап ауылда өз жобасын қаржылай қолдау үшін қымыз бен саумалды сатуды жоспарлап отыр.
Ерлан Күмісқалиев университетке деген ризашылығын Алғыс хат арқылы жеткізді.

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN