AOGU supports UN Agenda

Халықаралық экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер институты 2012 жылдан бастап дәстүрлі түрде экономикалық форум өткізіп келеді.
«Аймақтың экономикалық дамуы: басқару, инновациялар, кадр даярлау» тақырыбын негізге алған биылғы форум алаңына 100-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында атқарушы билік өкілдерімен бірге кәсіпкерлер, ТМД елдері жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері мен аспиранттары бар. Форум аясында «Өндіріс пен бизнестегі цифрлық шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел, «Тиімді бизнес: табысты кәсіпкерлік құпиялары» форсайт-сессиямен бірге пікірталас алаңы, халықаралық ғылыми жұмыстар байқауы ұйымдастырылды.
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті экономика мамандығының 1 курс магистранты Дүлдүл Тәжмағанбетова осы байқауға қатысып, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. ТМД мемлекеттерінен жиналған магистранттар арасында Дүлдүлдің жас фермерлер мектебін құру жобасы үздік деп танылды.
Жастарды бизнеске баулып, ауыл инфрақұрылымын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми жұмыстың жетекшісі - PhD, профессор Мейрамгүл Сайымова. Жас ғалымның халықаралық сарапшылардың оң бағасына ие болғаны Университет үшін үлкен мерей!
Мақсатыңа жет, Дүлдүл!

Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN