AOGU supports UN Agenda

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндет өзінің өнеркәсіптік әлеуетін толық ашу болып табылады. Үкімет алдына ішкі және сыртқы нарықтарда өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша міндеттер қойылды.

Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 жарлығымен жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Аталған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 80-тармағында: «Өңірлік университеттердің ғылыми қызметі бөлігінде оларды ірі бизнес тарапынан «қамқорлыққа» алу мәселесін пысықтау» деп көрсетілген.

Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы үкімет бекіткен жалпыұлттық іс шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС –мен жоғары білім және ғылым саласында тікелей және өзара тиімді ынтымақтастық пен дамуды, оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысының тиімділігін арттыруды орнату туралы өзара келісімшартқа қол қойылды.

Қазіргі таңда «АМӨЗ» ЖШС үлкен демеушілігімен университет базасында Мұнай-химия инженериясы және экология институтының салтанаты ашылуы өткен болатын.

https://www.facebook.com/.../permalink/1328544174160164/
https://www.facebook.com/.../permalink/1329265920754656/

Осы Келісімнің мақсаты қолжетімді сапалы білім беру, қызметкерлерді оқыту, ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту және университет пен зауыт арасындағы өзара түсіністікке жәрдемдесу болып табылады.
Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне үлес қосатын осындай жарқын бастамалар жалғасын табады деген сенімдеміз.


Возврат к списку


Не знаете что выбрать?

Специалисты приемной комиссии помогут определиться

Оставьте заявку.
Мы перезвоним и проконсультируем!
CAPTCHA

RU  KK EN