Ойын ережесін өзгертеміз

Университет туралы

"Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" КеАҚ тарихы 1959 жылдан бастап Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) Бүкілодақтық сырттай политехникалық институтының оқу-кеңес беру орталығы ашылғаннан басталады. Бұл Қазақстанда жоғары білікті мұнайшыларды дайындаудың бастамасы болды.

Оқу мерзімі
3 – 4 жыл
Оқу түрі
Күндізгі, қашықтан
Диплом
Мемлекеттік үлгіде
Бағасы
Тегін, ақылы - 695 100 теңгеден бастап

Университет тарихы

1959
Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) Бүкілодақтық сырттай политехникалық институтының оқу-консультациялық орталығы ашылды. Бұл Гурьевте 20 мамандық бойынша студенттерді даярлаудың бастамасы болды
1978
В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты
1980
ҚазПТИ жалпы техникалық факультеті
1988
ҚазПТИ оқу-ғылыми орталығы. Үш мамандық бойынша «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Автомобиль жолдарының құрылысы» күндізгі бөлімге студенттер қабылданды
1990
ҚазПТИ филиалы жұмыс жасады. Филиалда барлық 5 жыл бойы оқыған студенттердің алғашқы тобы іріктемеден өтті («Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Мұнай машиналары» мамандықтары)
1994
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Мұнай және газ институты
1996
Мұнай және газ институтының Атырау мемлекеттік университетіне қосылуы
1998
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы қаулысымен Мұнай және газ институты Атырау мемлекеттік университетінің құрамынан шығарылып, дербес мемлекеттік жоғары оқу орны - Атырау мұнай және газ институты ретінде анықталды
1999
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Химия, мұнай және табиғи тұздар институты Атырау мұнай және газ институтына қосылды.
2012
Университетті «Атырау мұнай және газ институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру
2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі қаулысымен Атырау мұнай және газ институты «Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды
2019
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 ақпандағы No64 қаулысымен Атырау мұнай және газ университетіне Сафи Өтебаевтың есімі берілді
Бүгінгі таңда Университет «білім-индустрия-ғылым-бизнес» интеграциясын белсенді жүзеге асыруда. Бұл үрдістің негізінде оқыту инфрақұрылымын өндірістің нақты жағдайларына жақындату, заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізу жатыр.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен Университет Қазақстандағы алғашқы салалық технологиялық құзыреттер орталығы болып бекітіліп, энергетика саласындағы технологиялық инновациялар бойынша сараптамалық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, Университетке цифрландыру жобаларына сараптамалық сүйемелдеу және «болашақ мамандықтар» бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын әзірлеу міндеті жүктелді.

Қазақстан Республикасындағы алғашқы жоғары оқу орындарының бірі ретінде 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа шынайылықта: іс-қимыл кезеңі» атты 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығының 80-тармағын орындауға кірісті. Осыған сәйкес, Университет пен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС арасында қамқорлық туралы келісімге қол қойылды. Аталған келісім аясында 2020 жылдың желтоқсанында «Мұнай-химиялық инжиниринг және экология институты» ашылып, оның құрамына оқыту орталығы мен зерттеу бағытындағы зертханалар кірді. Бұл жерде жер қойнауын пайдаланушы компаниялар үшін қолданбалы зерттеулер жүргізілуде. 15 (он бес) химиялық зертхананы толық жаңғырту және AXANS каталитикалық риформинг қондырғыларын беру жүзеге асырылды.

Университет дуальді оқытуды енгізу қарқыны мен сапасы бойынша көшбасшы болып табылады. Жоғары оқу орнында уәкілетті органдар және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы студенттері үшін дуальді оқыту моделін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі индустриялық компаниялардың топ-менеджменті өкілдерінен құралған Индустриялық комитет стратегиялық міндеттерді шешуге, дуальді оқытуды ұйымдастыруға, оқу жоспарларын әзірлеуге және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелеріне белсенді қатысуда. 2021 жылдың қаңтар айында жаһандық «Ernst and Young» компаниясының қатысуымен Университет тәжірибесін Украина университеттеріне тарату іс-шарасы өтті.

Университетте өндірістік және оқу полигоны – энергия ресурстарын өндіру және тасымалдау, электр және баламалы энергетика технологияларын оқу процесіне және ғылымға енгізу үшін өнеркәсіптік қондырғылар үлгілерімен жабдықталған бірегей алаң салынуда. Бұл полигон жобасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ қолдауымен әзірленді.

2020 жылдың ақпанында Университет базасында «West Hub» білім беру хабы құрылып, аймақтағы мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарын бір жүйеге біріктірді. Бұл жоба Атырау облысындағы мектеп оқушыларының құзыреттерін және жалпы сауаттылығын арттыруға ықпал етуде. «West Hub» орта мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, аймақтағы білім сапасын жақсартуға бағытталған үздіксіз үдеріс қалыптастыруда. 2021 жылдың қаңтар айында Атырау облысы оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын орталық ашылды. Орталықта жоғары санатты мұғалімдер мен университеттің жетекші оқытушылары сабақ береді.

Тұрақты даму мақсаттары бойынша Каспий хабы (Caspian SDG Hub) Прикаспий аймағындағы 10-нан астам университетті біріктірді. Оның базасында «Каспий теңізінің экологиялық факторларға сезімталдық картасын әзірлеу» жобасы жүзеге асырылуда. Бірлескен зерттеу жобалары басталып, Caspian Sustainable Development Network University желілік университеті құрылуда.

Университет Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы KAZENERGY қауымдастығы ұйымдастырған «Жаңа кәсіптер мен құзыреттер Атласын» әзірлеушілердің бірі болып табылады. Атлас басылып шығып, болашақ мамандықтарға арналған «майнер» бағдарламаларын әзірлеу жұмыстары басталды.

Университет аумағында компаниялардың бөлімшелерін орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда «ҚМГ Инжиниринг» зертханалық орындары орналастырылып, мұнай кен орындарын геологиялық және гидродинамикалық модельдеу жұмыстары жүргізілуде.



БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

Логотипы внизу
Логотип 1
Логотип 2
Логотип 3
Логотип 4
Логотип 5
Логотип 6
Логотип 7
Логотип 8
RU KK  EN