Психологиялық қолдау қызметі
Құрметті студенттер!
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Психологиялық қолдау қызметі жұмыс істейді.
Миссиямыз
Біз тұлғаның үйлесімді дамуына, оның бірегей қабілеттерін ашуға және өмірде жүзеге асыруға ықпал етеміз. Студенттердің өзін және айналасын жақсы түсініп, өзімен және өзгелермен үйлесімді, саналы қарым-қатынас орнатуына көмектесеміз.
Қызметтің мақсаты:
- Оқу үдерісінде қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдай жасау;
- Студенттер мен қызметкерлердің психикалық саулығын нығайту;
- Студенттердің жеке әлеуетін қолдау және дамыту;
- Күрделі өмірлік жағдайларда психологиялық көмек көрсету.
Негізгі міндеттері:
- Студенттерге стресс, қақтығыс, эмоционалдық дағдарыс жағдайында жедел қолдау көрсету;
- Қиын әлеуметтік жағдайда жастар арасында жағымсыз мінез-құлықтың алдын алу;
- Студенттердің өзінің зияткерлік, тұлғалық және эмоционалдық ресурстарын түсініп, дағдарыстан шығуға көмектесу;
- Студенттерді, ата-аналарды, топ кураторларын және оқытушыларды психологиялық мәселелер бойынша кеңес беру;
- Студенттер арасында келеңсіз жағдайларды, өзекті мәселелерді анықтау және алдын алу.
Қызмет функциялары:
- Студенттер мен оқытушыларға психологиялық көмек көрсету;
- Студенттік топтардағы психологиялық ахуалды талдау, типтік қиындықтардың себептерін анықтау;
- Оқу, тұлғалық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру;
- Психологиялық тестілеу және алғашқы курс студенттерін кешенді зерттеу;
- Психологиялық мәселелердің алдын алу шараларын ұйымдастыру.
📌 Байланыс ақпараттары
Калиева Айнур Хайсаевна
📍 №3 оқу ғимараты, 107
🕘 Жұмыс уақыты: 09:00 – 18:00
📞 Телефон: +7 778 702 53 79
✉️ Email: dkhairosh@mail.ru