УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫ – білім мен инновацияның қайнар көзі
Кітапхана - Университеттің оқу және ғылыми өмірінде маңызды рөл атқарады. Студенттерге, оқытушыларға және ғалымдарға құнды ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндіктер ұсынады. Біз қызмет түрлерін үнемі кеңейтіп, серіктестіктерімізді нығайтып, заманауи технологияларды енгізу арқылы пайдаланушыларымыздың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға тырысамыз. Білім әлеміне қош келдіңіздер!
ЦИФРЛЫҚ КІТАПХАНА: сервистерді қолдану
Нұсқаулықта электрондық ресурстарға қолжетімділік ережелері, «Мегапро» платформасын пайдалану тәртібі және оқу құралдарын онлайн алу жолдары көрсетілген.
КІТАПХАНАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Кітапхананың ақпараттық ресурстарына жетекші ғылыми дерекқорлар, жазылым басылымдары және электрондық каталогтар кіреді, олар ғылым мен білімнің әртүрлі салаларындағы өзекті әдебиеттер мен зерттеулерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Жұмыс кестесі:
Дс-Жм: 9:00 - 18:00
Мекен-жай:
060027, ҚР, Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Баймұханов көшесі. 45Б / 2