Оқу-әдістемелік кеңес


Оқу-әдістемелік кеңес — мемлекеттік білім беру стандарттары мен жұмыстық-оқу жоспары талаптарына сәйкес университет мамандықтарының барлық пәндері бойынша оқу-әдістемелік әзірлемелерді тексеруді жүзеге асыратын университет кафедраларының, факультеттерінің, факультеттер бойынша сараптама комиссияларының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және бақылаумен айналысады.

ОӘК негізгі міндеттері:

  • Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету сапасының мониторингін ұйымдастыру.
  • Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқу құралдарын және басқа материалдарды жоспарлау, сараптамадан өткізу және баспаға ұсыну.
  • Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру.
  • Педагогикалық және ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру.
  • Сапа менеджменті жүйесін дамыту және әдістемелік әзірлемелер нәтижелерін оқу процесіне енгізу бойынша ұсынымдар дайындау.
  • Оқытушылардың оқу-әдістемелік бірлестіктері мен шығармашылық орталықтарының жұмысын ұйымдастыру.
  • Оқу жоспарларын, бағдарламаларды, әдістемелік материалдарды дайындау және жетілдіру бойынша кафедралар мен факультеттердің қызметін үйлестіру.
  • Кафедралар мен басқа ЖОО-лардың әдістемелік тәжірибесін жинақтау және оқу процесіне енгізуге ықпал ету.

Құжаттар


RU KK  EN