Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының стратегиялық даму көрсеткіштері
Университеттің даму бағдарламасында бекітілген ғылыми мақсаттар:
- Мұнай-газ саласындағы ғылыми және инновациялық ғылыми-технологиялық экожүйені қалыптастыруда көшбасшы болу.
- Көмірсутекті шикізат (КШШ) саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді шоғырландыру және үйлестіру орталығына айналу; ғылым мен технологиялардың даму бағыттарының интерактивті картасын құру; ғылыми қауымдастық, салалық кәсіпорындар және мемлекеттік органдар арасындағы шаралар мен ресурстарды синхрондау.
- Сала үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті қалыптастыру (магистратура, докторантура, постдокторантура).
- Жер қойнауын кешенді геологиялық зерттеу және технологиялар бойынша білім базасын құру – шөгінді бассейндердің қабаттық векторлық карталары, бассейндік модельдеу, технологиялық шешімдердің цифрлық матрицасы, патенттік база және тақырыптық жарияланымдар.
- Мұнай өңдеу, газ-химия және мұнай-химия өндірістері бойынша техникалық және технологиялық саясаттағы білім мен құзыреттерді жинақтау.
- Деректермен жұмыс істеудің жаңа технологияларын енгізу әдістемелерін әзірлеу: ғалымдар мен сала мамандарының ұжымдық білімін онтология форматында біріктіру, деректерді цифрлық өңдеу, деректердің семантикалық классификациясы.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін университеттің белсенділігі келесі бағыттарда анықталды:
- Мұнай-газ саласының ғылыми-техникалық дамуы бойынша консультативтік кеңес құру.
- Геологиялық ғылым мен технологиялардың даму бағыттарының интерактивті картасын жасап, проблемалық аймақтарды анықтау.
- Геология, барлау, өндіру және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу саласындағы басым проблемалық бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу.
- «Барлау-геология-өндіру-қайта өңдеу-мұнай және газ химиясы саласындағы онтологиялық құрылымданған білім моделі» жобасын жүзеге асыру, бұл жасанды интеллектті енгізу арқылы саланың деректер базасын цифрлық жіктеуге мүмкіндік береді.
- Мұнай-газ саласына арналған бірыңғай цифрлық платформаны әзірлеу.
- Университет ғалымдарының гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурстарына белсенді қатысуы.
- Университеттің қолданбалы ғылыми және инновациялық (ҒЗТКЖ) жобаларға, оның ішінде «Самғау» Орталық ғылыми-техникалық ақпарат қоры қаржыландыратын жобаларға қатысуы.
- Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру.
- Университеттің зертханалық-зерттеу базасын кеңейту (бағдарламалық өнімдермен, IT-инфрақұрылыммен қамту).