Индустриалдық комитет

МИССИЯСЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Миссиясы:

  • Индустриямен, технологияларды әзірлеушілермен және бизнеспен белсенді өзара іс-қимыл негізінде ЖОО-ның интеграциялық рөлін қалыптастыру, «индустрия-білім-ғылым» қағидатын іске асыру арқылы білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру.

Міндеттері:

  • білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығы, білім алушыларда жалпы (негізгі), бейіндік (метапәндік), пәндік құзыреттерді қалыптастыру процесінің тұтастығы мен жүйелілігі, болашақ маманның кәсіби құзыреттілігінің негізі болып табылатын қызмет тәжірибесін жинақтау үшін жағдайлар жасау;
  • индустриямен тығыз қөзара байланысты қалыптастыру;
  • студенттердің болашақ кәсіби қызметі үшін маңызды тұлға қасиеттерін, сондай-ақ даярлық бейіні бойынша білім беруді жалғастыруға әзірлігі мен қабілетін қамтамасыз ететін білімін, іскерлігін және дағдыларын, тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететін практикаға бағытталған оқыту технологияларын енгізу;
  • өңір индустриясымен академиялық ғылымның өзара байланысын жүзеге асыру;
  • кәсіби ортаға ену мақсатында пропедевтикалық курстарды, кәсіптік бағдар беретін оқу сабақтарын қосымша жалпы дамыту бағдарламаларына енгізу, мамандық туралы өз түсінігін жұмыс берушілер қоятын талаптарға сәйкестендіру, оқу процесінде Кәсіби құзыреттілік негіздерін үйренуге ынталандыру;
  • өндірушілердің мақсатты топтары жасақтаған білім беру бағдарламаларын енгізу;
  • оқыту бейініне сәйкес нақты ғылыми-практикалық және тәжірибелік-өндірістік жұмыстарды шешу мақсатында білім алушыларды квази-кәсіби қызметтің инновациялық нысандарына тарту.

«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Индустриалдық комитетінің құрамы


Комитет төрағасы

ҚҰРМАНҒАЗЫ ОРЫНҒАЗЫҰЛЫ ИСКАЗИЕВ

«ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру АҚ

Бас директоры, Басқарма төрағасы



Комитет мүшелері
АСҚАР МҰНАРА
«ҚазҒЗГБИ» ЖШС, Директор
РЫСТЫ НҰРҒАЛИҚЫЗЫ ТАСМАҒАМБЕТОВА
«Эмбамұнайгаз» АҚ, Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
ЛӘЗЗАТ ЖЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ АХМУРЗИНА
«KAZENERGY» Ассоциациясы, Адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директор
ҚАРШЫҒА АМАНГЕЛДІҰЛЫ ҚҰЛБАТЫРОВ
«ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ, Геологиялық барлау жөніндегі Вице-президенті
РАХЫМ НАГАНГАЛИҰЛЫ ӨТЕЕВ
«КМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау филиалының директоры
ЕРКІН БОРИСҰЛЫ СҮЛЕЙМЕНОВ
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, Өндіріс жөніндегі бас директордың бірінші орынбасары-бас инженер
АЛТЫНБЕК СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ МАРДАНОВ
«КМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау филиалы, Кен орнын игеруді модельдеу және мониторингілеу жөніндегі басқарушы директор
СЕРГЕЙ ПАВЛОВИЧ КИМ
«Каспиймұнайгаз» Ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ, Бас директор
КОНСТАНТИН ПЕТРОВИЧ ЧЕРНОХАЕВ
Филиал «Западные межсистемные электрические сети» АО «КЕGОС» Батыс жүйеаралық электр желілері» АҚ филиалы, Директор
АЛЕКСАНДР ВЛАДИМИРОВИЧ ДОНСКОВ
«АтырауНефтеМаш» ЖШС, Бас директор
ИЛЬЯ НИКОЛАЕВИЧ СКРАМОВСКИЙ
«Алстронтелеком» ЖШС, Директордың бағдарламалау және жаңа жабдықтар жөніндегі орынбасары
ЛИ ЮРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ
«Ustudy» тест орталығының Атырау филиалы, Директор
RU KK  EN