Басқарма

Басқарма - бұл Қоғамның ағымдағы қызметін басқаратын алқалы орган. Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің функциялары, құқықтары мен міндеттері Заңмен, басқа нормативтік құқықтық актілермен, Қоғам Жарғысымен, сондай-ақ еңбек шарттарымен айқындалады. Еңбек келісім-шарттарында тараптардың құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері және басқа да маңызды жағдайлар, сондай-ақ Басқарма мүшелерінің Қоғамның корпоративтік басқару кодексінің ережелерін сақтау жөніндегі міндеттемелері болуы қажет. Басқарма мүшелері өз құқықтарын жүзеге асыруы және өзіне жүктелген міндеттерді Қоғам мен Жалғыз акционердің мүдделерін барынша жақсы көрсететін әдістерді қолдана отырып орындауы керек. Басқарма мүшелерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қоғам Жарғысына, Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне қайшы келетін Компания мүлкін пайдалануға немесе ондайға жол беруге құқылы емес. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес Қоғамның қызметі туралы ақпараттың айқындалуын және ұсынылуын бақылайды, өздеріне сеніп тапсырылатын немесе жұмыс барысында белгілі болатын коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға міндетті.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ

Басқарманың құрамы

Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы

Басқарма Төрағасы-ректор, э. ғ. д., профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі

Ахметов Нұркен Мақсотұлы

Академиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор

Искаков Ринат Маратұлы

Ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректор

Абежанов Еламан Бақтығалиұлы

Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор

Қонраубаева Алия Жамбылқызы

Басқарма аппаратының басшысы

Байдалинова Айнұр Сұлтанқызы

Қаржы директоры

RU KK  EN