Факультет деканы
Қанбетов Асылбек Шахмұратұлы
Құрметті талапкерлер!
Сіздердің алдарыңызда болашақ мамандықты таңдаудың маңызды міндеті тұр. Әрине, бұл мамандық сізге ұнауы және оның қазіргі еңбек нарығында пайдалы және сұранысқа ие болуы да маңызды. Біздің Н. К. Нәдіров атындағы Мұнай-химия инженериясы және экология институты мыңдаған жоғары білікті мамандарды дайындады. Олар тек Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де табысты еңбек етуде. Біздің түлектер экономикалық, саяси, ғылыми және басқа да қызмет салаларындағы ұйымдарда лайықты маман болып қызмет аттқаруда. Қазіргі уақытта Қазақстанның дамып келе жатқан экономикасы практикалық мамандықтарды, табиғат заңдарын, техника мен технологияны терең білетін мамандарды талап етеді. Дәл осындай мамандықтарды біздің институттан алуға болады. Институтта мұнай мен газдың химиялық технологиясы, мұнай химиясы, экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары іске асырылуда. Біздің түлектерімізді даярлауда көп салалы оқытудың көп деңгейлі жүйесі, білім беру бағдарламалары мен олардың траекторияларының әртүрлілігі қамтамасыз етіледі. Универсиеттің қызмет көрсету түрлеріне шетелдік серіктес - жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық бағдарламалары кіреді. Дәріс оқу үшін отандық, шетелдік жетекші профессорлар мен өндірістің тәжірибелі өкілдерін шақырту кеңінен қолданылады. Білім беру және ғылыми-зерттеу қызметімен қатар Сіз әртүрлі әлеуметтендіру жобаларына қатыса отырып, шығармашылық және спорттық қабілеттеріңізді дамытуға мүмкіндік аласыз. Біз әрқашан талантты және ынталы жастарға қуаныштымыз және Сізді біздің институт студенттерінің арасынан көреміз деп үміттенеміз. Біздің есіктер сіз үшін әрқашан ашық!