AOGU supports UN Agenda

Атыраулық ғалымдар «1:1 000 000 масштабтағы Каспий өңірінің геологиялық мазмұндағы ГАЖ атлас қартасын» жасауға қатысады.
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Геология, геофизика және геохимия ғылыми орталығының осы тақырыптағы жобасы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған байқауда жеңіске жетті.
Ғылыми зерттеулер байқауына ұсынылған жобаның жетекшісі, университет профессоры Кеңес Тасқынбаевтың айтуынша, жұмыс барысында Батыс Қазақстан өңіріндегі облыстар мен Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы картографиялық жұмыстар, ақпараттық деректер қоры назарға алынады. Жоба нәтижесінде өңірдің геологиялық құрылымын нақтылап, пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын ашу болашағын бағалауға мүмкіндік туады.
Қазір Орталық геологиялық-геофизикалық материалдарды жинап, талдау жұмысын бастап жатыр. Жоба 2023 жылы қорытындыланады.
Айта кетейік, университеттегі Геология, геофизика және геохимия ғылыми орталығы бұған дейін «Қазақстан Республикасындағы мұнай мен газдың антиклинальды емес тұзақтарын кешенді зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми жобаны табысты іске асырған болатын.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN