AOGU supports UN Agenda

Университетіміздегі «Геоэкология» ғылыми ізденіс зертханасының негізгі ғылыми бағыты - көмірсутек ресурстарын игеруге байланысты Каспий теңізі қайраңындағы және оның жағалауындағы қазіргі заманғы экологиялық ахуалды талдау. Зертханана ғалымдары «Атырау облысы шекарасындағы солтүстік-шығыс Каспийдің жағалау белдеуінің фондық жай-күйі» тақырыбында зерттеу жұмыстарын бастаған болатын.

Бүгінгі күні зертхана ғалымдары 2 ғылыми туындыға авторлық куәлігін алды:

• Мұнай өндіру кенорындары жұтаңданған топырағын зерттеу және қалпына келтіру бойынша ұсыныстар жасақтау;

• Мұнай құрылымдары аумағындағы солтүстік шығыс Каспийдің экологиялық жағдайы.

Ғылыми зерттеу жұмысын «Геоэкология» ҒІЗ қызметкерлері мен «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылық құрамы Ә.К.Кенжеғалиев, Д.К. Құлбатыров, А.А. Әбілғазиева, А.К.Шахманова, А.Ш. Қанбетов жүргізген.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN