AOGU supports UN Agenda

Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде Техникалық жүйелердегі басқаруды автоматтандыру негізі бойынша IV Халықаралық олимпиада өтті.

Бұл білім додасы өлшеу құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету, автоматты басқару теориясы, автоматтандырудың техникалық құралдары (төменгі деңгей), техникалық өлшеулер мен аспаптар, электроника және электротехника, автоматтандырудың функционалдық сызбалары сияқты салаларды қамтиды.

Олимпиадаға бірнеше елдің жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатысып (260 үміткер), өз білімдерін сынға салды. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінен қатысқан команда - «Автоматтандыру және басқару-18» ағылшын тобының студенттері Диана Орынбасарова, Абылайхан Мырзағали, Ақтілек Ерсайын және Назерке Кенесова жүлделі 3 орынды иеленді. Университетіміздің атын асқақтатқан студенттерді құттықтап, сәттілік тілейміз!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN