AOGU supports UN Agenda

Мемлекеттік грант пен шәкіртақы төлеудің жаңа жүйесі және ЖОО-ны аккредитациялау талаптары

Енді бакалавр, магистратура және докторантура студенттеріне берілетін шәкіртақы тікелей студенттің есепшотына аударылатын болды. Қазіргі таңда жаңа жүйені 3 жоғары оқу орны пилоттық жоба негізінде жүзеге асыруда, ал 21 жоғарғы оқу орнымен келісімшарт жасалуда. Жалпы, шілде айынан бастап барлық жоғары оқу орындарына аталмыш жүйені енгізу жоспарланып отыр.

Соңғы уақытта білім және ғылым саласындағы аккредиттеу бағыты жыл сайын жетілдіріліп келеді. Қазіргі таңда елімізде 11 аккредиттеу агенттіктері тіркелген: 6 - ұлттық, 5 - шетелдік агенттік. Бұдан былай әр жоғары оқу орнына өз үлгісіндегі дипломға аккредиттеген агенттіктің белгісін қою міндеттеледі. Бұл оқу орнын аккредитациядан өткізген агенттіктің де, жоғары оқу орнының да диплом сапасына деген жауапкершілігін арттырады.

Сонымен қатар, министр білім беру ұйымдарына оқушылар мен студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Қауіпсіздік мәселесі аккредиттеу агенттігінің бағалау критерийлеріне енгізу ұсынды.

Осы және басқа да ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады
https://www.facebook.com/bilimjanegylym/videos/905079700338885/

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN