AOGU supports UN Agenda

KAZENERGY қауымдастығы және BCPD (үздіксіз кәсіби білім беру Бюросы) бірлесіп жыл сайын Shell Kazakhstan компаниясының демеушілігімен өткізілетін «Student Energy Challenge» байқауы аясында республикамыздың жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «Ақылы цифрлық тәжірибеден өту» атты тікелей эфир ұйымдастырады.

Тікелей эфир ZOOM алаңында 2021 жылдың 28 мамырында сағат 15.00-де, (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша) өтеді.

BCPD спикерлері студенттерге «Student Energy Challenge-2021» байқауының жеңімпаздарына арналған шаралар туралы айтып береді. Цифрлық тәжірибе бағыты әр студенттің дамуына ықпал етуге бағытталған.

Оқытушылар мен студенттерді тікелей эфирге қатысуға шақырамыз.

Тіркелу үшін аты-жөніңізді, байланыс телефоныңыздың нөмірін sech2021@kazenergy.com электронды поштасына немесе +7 7172-79-01-74 телефон нөміріне жіберуіңізді сұраймыз.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN