AOGU supports UN Agenda

27-28 мамыр күндері «Каспий 2021: тұрақты даму жолдары» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми форум жұмысына Сафи Өтебаев атындағы АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор Г.Шакуликова онлайн қатысып, баяндама жасады.

Г.Шакуликова университет жанында БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары бойынша құрылған Caspian SDG Hub - Каспий хабы жұмысына тоқталды. Жүйелі өзгерістерді жүзеге асыру үшін бізге кросс-секторлық және трансұлттық әріптестік қажет екенін атап өтті. Форумға қатысушыларды бәрімізге ортақ Каспийдің тұрақты дамуы үшін өзара тиімді серіктестікте болуға шақырды.

Сонымен бірге форум аясында Каспий маңы мемлекеттік университеттері ассоциациясының аясындағы ғылыми, зертттеулер мен технология жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында комиссия төрағасы, профессор К.А.Маркелов 2020 жылы атқарған жұмыс есебін баяндады.

Комиссия жұмысы "қанағаттанарлық" деп бағаланды.

Каспий теңізінің саяси, экономикалық, экологиялық проблемаларын, жастар мен білім беру кооперациясын, сондай-ақ ғылыми орталықтардың өзара іс-қимылын шешетін біртұтас ғылыми-білім беру кеңістігінің қажеттілігіне тоқталды.

Жиында Ассоциация мүшелеріне Каспий маңы елдерінің үкіметтері мен ведомстволарында Каспий тақырыбы бойынша гранттар бөлу рәсіміне бастамашылық жасауды ұсынды.

Сонымен бірге қауымдастықтың ғылыми-жарияланымдар кеңістігін қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN