AOGU supports UN Agenda

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті “Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 шақырым қашықтыққа жүгіру” марафонын ұйымдастырады.

Марафон 12 маусым күні, сағат 08.00-де Атырау қаласының Жайық өзені жағалауында өтеді.

30 шақырым қашықтықты жүгіріп өткен қатысушаға университет атынан арнайы сыйлық тағайындалады.

«Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек.

Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз», - деп атап өткен болатын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Елімізде салауатты өмір салтына және қоғамдық спортқа аса көңіл бөлінуінің арқасында қазір тұрғындар өз денсаулықтарына аса көңіл бөліп, әртүрлі спорт түрімен айналысуда.

Спорт адамды табандылыққа, тәртіпке тәрбиелейді. Қоғамдық спорттың артында жастарды тәрбиелеу, әлеуметтік даму тұр десе де болады. Сондықтан, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті “Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 шақырым қашықтыққа жүгіру” марафонын ұйымдастыруда.

Қала тұрғындарын, оқытушылар мен студенттерді марафонға қатысып, белсенділік танытуға шақырамыз. Тіркелу 11 маусымға дейін жалғасады. Қатысу үшін 8 707 392 95 02 нөміріне хабарласуыңызға болады.

«ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ» «ҚУАТТЫ ӨҢІР - ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН»

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN