AOGU supports UN Agenda

Құрметті балалар, достар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Балапандарымызға ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілейміз. Басты байлығымыз балалардың ұйқысы тыныш, келешегі кемел болсын!

Атаулы мерекеге орай С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен «Жомарт ана» қайырымдылық қоры бірігіп, «Әр бала бақытты болуға лайықты!» тақырыбында мерекелік шараны ұйымдастырды.

Мерекелік шараның басты қонақтары – отбасында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар және олардың балалары. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған шарада кішкентай бүлдіршіндерге арналған тәттілер, сыйлықтар таратылса, ертегі кейіпкерлері сәбилермен ойын ойнап, уақытты қызықты өткізді.

Кеште Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Қ.Оразалиев мерекеге орай құттықтауын жеткізді.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN