AOGU supports UN Agenda

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде қызмет атқарып жатқан “Болашақ” түлектері “Өңірдегі 30 Болашақтық - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына” атты эстафетаны жалғастырады.

Бүгінгі кейіпкеріміз Әсел Күшеғалинова, Жалпы білім беру факультетінің деканы.

Халықаралық “Болашақ” бағдарламасымен Ұлыбританияның University of Leicester оқу орнынан Applied Linguistics and TESOL мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

Бүгінде ол еліміздің Атырау өңіріне келіп, Сафи Өтебаев атындағы Мұнай және газ университетінде қызмет атқаруда. Мамандығы бойынша жинаған мол тәжірибесі мен шетелде алған білімімен аймақ студенттері және әріптестерімен бөлісуде.

Әсел Күшеғалинова ұзақ жылдар бойы білім беру саласында қызмет етіп келеді, соның ішінде бірқатар университетте ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, доцент, кафедра меңгерушісі және академиялық ұтқырлық және халықаралық қатынастар бойынша қызмет атқарды. Видеороликте ол осындай мол тәжірибесі мен біліміне қарамастан, Атырау облысына келіп, еңбек ету жолымен бөлісуде. Біз Сізді де Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің білікті мамандар қатарынан болуға шақырамыз. “Үздік Университет, мықты Маман, қуатты Өңір, қуатты Қазақстан”

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN