AOGU supports UN Agenda

Мұнайшы мамандығы С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Мұнай-газ факультетінде төмендегі мамандықтар бойынша оқуға болады: • Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау • Мұнай және газ кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері • Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану • Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау және жөндеу • Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын жобалау және пайдалану • Геодезия және картография

Жоғарыда көрсетілген білім беру бағдарламалары мұнай-газ кен орындарын табудан бастап, мұнай мен газды игеру, алынған өнімді өңдейтін өндіріс орындарына жеткізетін мамандық иелерін дайындайды.

С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің қара шаңырағы саналатын Мұнай-газ факультеті 1990 жылы құрылған және бүгінде студенттердің оқу-білім беру үрдісінде заманауи зертханалармен қамтамасыз етілген.

Университеттің Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияны дамыту орталығының базасында бірегей зертханалар, тренажер-имитаторлар, мұнай мен газды бұрғылау, өндіру және кәсіпорындық дайындау бойынша цифрлық стендтер орналастырылған.

Атап айтсақ, факультеттің зертханалық кабинеттері мұнай және газ ұңғымаларын зерттеу бойынша: АМТ-221 бұрғылау тренажер-имитаторы АМТ-401 ұңғымасын күрделі жөндеу тренажер-имитаторы Мұнай-газ кен орындарын модельдеу бойынша: АМТ-601 ұңғымаларын игеру және пайдалану тренажер-имитаторы АМТ-231 бұрғышының кресло тренажер-имитаторы және виртуалды кен орнымен жабдықталған.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN