AOGU supports UN Agenda

Құрметті әріптестер! Сіздерді 5 маусым дүниежүзілік Қоршаған ортаны қорғау күнімен, ал барша экологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Жер ана байлығы болашақ ұрпақтың игілігі. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау және экологиялық ахуалды жақсарту мәселелерін шешу - С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің басым бағыттарының бірі.

Университеттің Индустриалды-технологиялық факультетінде Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша студенттерге білім беріледі. Осы мамандықты игерген түлектеріміз қоршаған ортаны қорғау мәселесінің теориялық та тәжірибелік бағыттарын терең меңгерген экологиялық қауіпсіздігімізды қамтамасыз ететін азаматтар болып табылады.

Еліміздің бас байлығы - табиғатымыз халқымыздың игілі үшін жайқала берсін! Әрқайсымыздың қоршаған ортаға деген құрметіміз күшейіп, оны қорғауда бірлігіміз арта берсін!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN