AOGU supports UN Agenda

С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің бұрынғы Индустриалды-технологиялық факультеті 2021-2022 оқу жылынан бастап Мұнай-химия инженериясы және экология институты болып өзгерді.

Мұнай-химия инженериясы және экология институтының ашылуына университеттің басты серіктесі «АМӨЗ» ЖШС септігін тигізді. Институт төмендегі мамандықтар бойынша білім береді: • Органикалық заттардың химиялық технологиясы; • Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; • Көлік, көліктік техника және технология; • Өндірістік электр энергетика; • Машина жасау технологиясы; • Қозғалысты ұйымдастыру, көлікті басқару және логистика; • Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс Институт энергетика, байланыс, химиялық технология, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау, көлік және жабдықтау саласының мамандарын даярлайды.

Жаңартылған, заманауи зертханалармен жабдықталған институтта еліміздің мұнай-газ химиясы және экология бағыттары бойынша бакалавр, магистратура, PhD бағдарламалары бойынша оқытылады. Инстутуттың ерекшелігі:

- білім беру Атырау мұнай өңдеу зауытымен тығыз байланыста жүргізіледі; - үздік студенттерге АМӨЗ-ң арнайы шәкіртақысы тағайындалады; - заманауи ғылыми-зерттеу зертханалармен жабдықталған; - институтта Ресей Федерациясының жетекші университеттері: Губкин атындағы РМУ, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті және Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институтының ғалымдары дәріс оқиды; - серіктес компанияларда дуалды оқыту және тағылымдамадан өту; - қос дипломды білім беру бағдарламасы және шетелде студенттердің 1-ден 3 семестрге дейінгі академиялық ұтқырлығы бойынша оқу; - колледж түлектеріне арналған қысқартылған оқу бағдарламасы; - екінші жоғары білім беру бағдарламасы; - түлектердің АМӨЗ, КРІ, Worley Parsons, KEGOC, Каспиймұнайгаз және т.б. компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігі

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN