AOGU supports UN Agenda

9 маусым күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында орналасқан Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында Хиуаз Доспанова атындағы мектептің 7 сынып оқушылары үшін танымдық саяхат ұйымдастырылды. Бұл шара Атырау облыстық «Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының» тапсырысы бойынша жүзеге асты. С.Өтебаев атындағы АтМГУ профессоры С.Нұрсұлтанова оқушыларды мұражаймен таныстырды.

Химия пәнін таңдаған мектеп оқушылары орталықтағы Қазақстанның мұнай өндіру тарихын қамтитын интерактивті мұражайымен және Губкин атындағы РМУ электронды кітапханада болды.

Оқушылар интерактивті мұражайда мұнай өнеркәсібінің картасымен, мұнай өндірісінің тарихымен, даңқ қабырғасында орналасқан мұнайшылар династиясымен, жалпы мұнай әлеміне саяхаттады.

Бұл орталық ТМД-да көлемі бойынша үшінші орында тұр. Мұндай орталық посткеңестік елдерде тек Ресейдің Губкин атындағы РМУ-де және Казан қаласында ғана орналасқан.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN