AOGU supports UN Agenda

Жыл өткен сайын өндіріс салалары компьютерге және мүмкіндігі мол бағдарламаларға тәуелді. Автоматтандыру құралдары адамдарға еңбек тиімділігін едәуір арттыруға, өндірісті және сол уақытта қолданылатын жабдықтарды басқаруды ұйымдастыруға көмектеседі. IT саласы мамандығы қазіргі уақытта жоғары сұранысқа ие. Сонымен қатар беделді, болашағы зор мамандық болып саналады. ІТ мамандарын даярлайтын Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің «Ақпараттық технологиялар және бизнес» факультеті өзінің қалыптасу тарихын 1993 жылдан бастайды.

Факультеттегі білім беру бағдарламалары: • «Мұнай-газ саласындағы ақпараттық жүйе» • «Компьютерлік басқару жүйесі және робототехника» • «Инфокоммуникациялық жүйелер мен желілер» • «Ақпараттық қауіпсіздік» • «Автоматтандыру және өндірісті басқару» Факультет студенттері халықаралық, республикалық ғылыми жобалар мен пәндік олимпиада мен өзге де білім сайыстарында үнемі үздіктер қатарынан көрініп, университет мәртебесін асқақтатып келеді.

Факультеттің артықшылығы : - Екінші мамандық алу мүмкіндігі (Minor); - 1-2 жылдық шағын бағдарлы курстардан өту; - Жетекші ІТ-компаниялар мен ІТ-хабтарда тәжірибе және тағылымдамадан өту мүмкіндігі; - Start – Up жобаларды жүзеге асыру - Серіктес компанияларда дуалды оқыту; - Қос дипломды білім беру бағдарламасы және шетелде студенттердің академиялық ұтқырлығы; - Колледж түлектеріне арналған қысқартылған оқу бағдарламасы; - Екінші жоғары білім беру бағдарламасы; - ТШО, KPI, КТК-К, NCPOC, КазТрансОйл және өзге компанияларда түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігі бар.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN