AOGU supports UN Agenda

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің қара шаңырағы Мұнай-газ факультетінда тамаша бір шара өтті. Осыдан 20 жыл бұрын қолдарына мұнайшы дипломын алған РНГ-96 тобының студенттері өздерінің білім ордасына келіп, ұстаздарымен дөңгелек үстел басында кездесу өткізді.

Түлектермен кездесу кешіне университеттің бірінші проректоры Б.Құмалақов, Мұнай-газ факультетінің деканы Н.Ахметов және ұстаздары С.Нұрсұлтанова, Л.Шестопёрова, А.Ежирова қатысты.

Түлектер қазіргі өз мамандықтары бойынша жеткен жетістіктері мен бағындырған биіктіктеріндегі институт ұстаздарының еңбегінің зор екендігін атап өтті. Бүгінгі университет сол кездегі институт қабырғасында алған теориялық білімнің мамандық әлемінде қаншалықты рөл атқаратынына тоқталды. Өкініш жоқ, керісінше қызығы мол студенттік кездер мен арманшыл жастық шаққа деген сағыныш бар. Ұстаздар да өз кезегінде түлектеріне жылы лебіздерін білдіріп, олармен өткен 5 жылдың ұстаз үшін де жастық шақ екенін қуана еске алды. МГГ-96 тобы ылғи көңілді, көрікті де келбетті, алғыр мен пысықтары көп, бірақ мінездері бір-біріне ұқсамайтын жастар жиналған ерекше топ екенін атады.

Түлектермен кездесуде университеттің бүгінгі жетістіктерін таныстыру мақсатында саяхат ұйымдастырылды.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN