AOGU supports UN Agenda

2021 жылдың 18-ші маусымынан бастап, app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге (КТ) үміткерлерді тіркеу басталады.

Тіркелу барысында Сіз тесті сынағы өтетін ОРЫНДЫ (қаланы) ӨЗІҢІЗ таңдайсыз!

Kешенді тестілеу 2021 жылдың 20-шы шілдесі мен 10-шы тамыз аралығында өткізіледі.

Магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 3 блоктан тұрады:
• Шет тілі бойынша тест;
• Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
• Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

* Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады.

Кешенді тестілеуге қатысу құны - 8292 теңге.
Кешенді тестілеуге төлем тіркелу кезінде онлайн жасалады.

Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN