AOGU supports UN Agenda

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы болып Ернар Ұзақбай тағайындалды.

Ернар «Болашақ» бағдарламасы бойынша Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетін тәмамдаған.
Инженер-мұнайшы мамандығын меңгерген Ернардың жоғары оқу орнында жұмыс тәжірибесі бар.

Бұған дейін ҚБТУ Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті деканының орынбасары лауазымын атқарған. Ол аталмыш оқу орнында бакалавриат, магистратура және докторантура жұмысын үйлестірді; 600-ден астам студенттермен жұмыс істей алды; мотивациялық және тәлімгерлік жұмыстармен айналысты; позитивті ойлау және ішкі проблемаларды шешу, жаңа білім беру бағдарламаларын жасауға қатысты және қашықтықтан оқыту әдістерінің жаңашыл бағыттарын (flipped classrooms, blended learning және т. б.) меңгерген.
Сондай-ақ, Ернар мұнай-газ индустриясының қызметкерлерін корпоративтік оқыту мен сертификаттауға маманданған.

Ернарға жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN