AOGU supports UN Agenda

МВА – менеджмент және әкімшілік магистрі. МВА бағдарламасы алғаш рет Америка Құрама Штатында 19 –ыншы ғасырдың аяғында пайда болды. МВА бағдарламасы - практикаға негізделген жоғары оқу орнынан кейінгі толыққанды білім беру. МВА қосымша білім беру бағдарламасының мақсаты- нақты жұмыс барысында, іскерлік әрекет етуге үйрету. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Бизнес мектебінің МВА бағдарламасының білім беру процесі нақты бизнеске өте жақын. МВА бағдарламасы бойынша дәріс жүргізетін профессорлық-оқытушылар құрамы өз тыңдаушыларымен бизнес-кейстерді талдайды және мұнай бизнесі саласындағы топ менеджерлерді басқарудың тиімді құралдарын пайдалана отырып, нарықты зерттейді. Олар дәріс оқиды, семинарлар өткізеді, шеберлік сағаттарын ұйымдастырады, тренинг жүргізеді. Біз университетіміздегі МВА бағдарламасының профессор-оқытушылық құрамын мақтан тұтамыз! Келіңіздер, мүмкіндікті пайдаланып, білікті де білгір мамандардан дәріс алыңыздар.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN