AOGU supports UN Agenda

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Халықтың көзі, құлағы һәм тілі ретінде атқарып жатқан адал істеріңіз біздің қоғамның дамуының, алдыға жылжуының негізгі күші. Ұлт мүддесі, ел қамы үшін аса жауапты қызметті жауапкершілікпен алып келесіздер.

Шынайы ақпарат тарату, қоғам өмірін тасқа басып, тарихта қалдыру жолында іргелі ізденістерге барып, қалам қуатын айшықтап жүрген журналистер қауымы қандай құрметке де лайық. Еліміздегі мұнай-газ кешеніне кадр даярлайтын Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің жүзеге асырып жатқан жобалары мен жаңалықтарын насихаттауға қосып жүрген зор үлестеріңізге ризашылығымызды білдіреміз.

Әрдайым қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Отандық БАҚ-тың абырой-беделі биіктей берсін!

Жақсы жаңалық көп болсын!


Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN