AOGU supports UN Agenda

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ЕМВА бағдарламасы бойынша білім алушылардың «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамында екінші күні жалғасты. Көшпелі модуль аясындағы семинарда «Адами ресурстарды басқару» ЕМВА тыңдаушыларын Адами ресурстарды басқару департаментіндегі компания персоналын рекрутментті автоматтандыру мәселесі таныстырылды. Тағылымдамада бөлім басшысы З.Сембаева компания үшін персоналды іздеу, іріктеу және жалдау үдерісін автоматтандыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде компанияға Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің бизнес бағдарламасы таныстырылды және Бизнес Мектебінің академиялық комитетінің құрамына жетекші мамандары шақырылды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жоғары білім берудің академиялық бағдарламаларын жүзеге асыруға елеулі үлес қосып, тағылымдаманы жоғары деңгейде ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін зор алғысымызды білдіреміз. Бізбен бірге болыңыз! .

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN