AOGU supports UN Agenda

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің артықшылықтарының бірі – мұнайлы астанада орналасқандығы. Бұл өндірістік компаниялармен тығыз байланыс орнатуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«КМГ Инжиниринг» ЖШС мен университет жаңа жобаны қолға алды, ол - «KMGE SCHOOL» бірегей бағдарламасы.
Бағдарламаны «КМГ Инжиниринг» Атырау филиалы директорының геология және барлау жөніндегі бірінші орынбасары Алтынбек Марданов таныстырды. Біздің университеттің 2013 жылғы түлегі Алтынбек Сүлейменұлы студенттерге «KMGE SCHOOL» бағдарламасының тәжірибе жинақтауға, қосымша оқып, білім алуға жақсы мүмкіндік екенін айтты.
Бағдарлама қатысқан студенттерге компанияның білікті мамандары дипломдық жұмыс жазу кезінде, ғылыми мақаласын шығаруда да кеңес береді.
БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА:
- қосымша пәндер оқытылады,
- қосымша мамандандыру туралы сертификат алады (Гидрогеолог, Геофизик-петрофизик, Седиментолог, Сейсмик, Ұңғымаларды аяқтау жөніндегі маман, газ технологы);
- «КМГ Инжиниринг» компаниясында тәжірибеден өтеді және компаниядағы өндірістік жобаларға қатыса алады;
- «КМГ Инжиниринг» компаниясына жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN