AOGU supports UN Agenda

Бизнес мектебі 1993 жылы ашылған «Ақпараттық технологиялар және бизнес» факультеті негізінде құрылған болатын. Ағымдағы жылдан бастап Бизнес мектебі ретінде қызметін жүргізіп келеді.
Факультетте мына мамандықтар бойынша білім беріледі:
Бакалавр:
• Мұнай-газ бизнесінің экономикасы
• Мұнай-газ бизнесін басқару
• Мұнай-газ бизнесінің есебі және аудиті
• Мұнай-газ бизнесінің қаржысы
• Мұнай маркетингі және мұнай тасымалдау маркетингі
Магистратура:
• Мұнай-газ бизнесінің экономикасы (1,5-2)
МВА бағдарламасы үш бағытта:
• Адами ресурстарды басқарудағы МВА;
• Мұнай инженериясындағы МВА
• Тұрақты даму саласындағы МВА
Факультет академиялық ұтқырлық бағдарламасы, қос диплом және студенттік алмасу бағдарламаларын іске асыру мақсатында 30-дан астам серіктес университетпен ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Факультет түлектері Қазақстанның және бүкіл әлемнің өндірістік компанияларында жоғары сұранысқа ие.
Егер сіз мұнай-газ бизнесінің қыр-сырын меңгерем десеңіз, осы саланың MBA бағдарламаларын үйренгіңіз келсе, болашақ мансабыңыздың мұнай және газ экономикасы саласында болғанын қаласаңыз біздің университеттің Бизнес мектебін таңдаңыз!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN