AOGU supports UN Agenda

Университет базасында «Жастар және инновациялар - мұнай-газ өнеркәсібінің болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр.

Форумға Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысып, отандық геология саласының қазіргі ахуалы мен даму болашағы жайлы айтты.

Пленарлық отырыста Университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова: «Бұл басқосу - тәжірибе, жаңа идеялар мен жобалар алмасатын диалог алаңы. Форум алаңында геология саласы мен инновацияны дамытудың өзекті мәселелерін қарастырған ұйымдастырушылардың идеясы жастардың осы бағыттағы жобаларын іске асыруға ықпал етеді деп сенеміз» - деді.

«Қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Балтабек Қуандықов іс-шараның мақсаты геология саласының өзекті мәселелерін, идеялар мен міндеттерді талқылайтын, ғылыми жетістіктермен бөлісетін кәсіби алаң құру екенін атап өтті.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN