AOGU supports UN Agenda

3 желтоқсан күні Сафи Өтебаев атындағы АтМГУ-да Халықаралық компьютерлік сауаттылық күні аталып өтілді. Шара барысында компьютерлік сауаттылық туралы көпшілік біле бермейтін қызықты ақпараттар таныстырылды.

Сондай тың ақпараттардың бірі – «ЯНДЕКС» интернет компаниясының негізін қалаушы Аркадий Волож біздің жерлесіміз. Аркадий Волож Қазақ КСР Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Оның әкесі Юрий Абрамович Волож –геолог, Каспий маңы мұнай кен орындары жөніндегі маман және Қашаған кен орнын ашушылардың бірі. Сонымен бірге компьютерге қатысты әлемдегі ескерткіштер, саябақтар, т.б. мәліметтер туралы ақпарат берілді.

Шара барысында факультет студенттері өздері жасаған телеграмм-бот бағдарламасын таныстырды. Telegram бот - бұл автоматты түрде немесе белгілі бір команда арқылы әртүрлі әрекеттерді орындайтын бағдарлама.

Ұйымдастырушылар шараға қатысушылардың қолдарындағы смартфонмен Kahoot интерактивті ойынын ұйымдастырды.

Тіпті факультет студенттері компьютердің жүйелік блогын шапшаң әрі дұрыс жинақтаудан да өз білімдерін, икем, дағдыларын сынға салды.
Шара соңында ұйымдастырлған викторина бойынша жеңімпаз студенттер марапатталды.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN