AOGU supports UN Agenda

«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон мен мұнай-газ саласының болашақ көшбасшылары шеберлік сыныбында кездесті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына, «Болашақ» Ассоциациясының 20 жылдығына арналған іс-шараны Bolashak Petroleum Club ұйымдастырды.
Оған университетіміздің Басқарма Төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова бастаған оқу орнының қызметкерлері, «Болашақ» бағдарламасының түлектері қатысты.
Кевин Лайон АҚШ,Филиппин, Нидерланды, Нигерия, Бангладеште инженерлік-техникалық және басқарушы лауазымдарды атқарған білікті маман. «Теңізшевройлдың» бас директоры жас мұнайшыларға әлемдік дәрежедегі маман болудың қандай жолы барын, табысқа жету үшін қандай дағды керектігін айтып, көптеген құнды мәліметпен бөлісті.
-Тыныш теңіз сені нағыз теңізші қылмайды. Атқарып отырған лауазымыңнан гөрі командаға қосатын үлесің маңызды. Мықты лидерлер қиындықтан қашпайды, ағысқа қарсы жүзеді, - деді Кевин Лайон.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN