AOGU supports UN Agenda

Атырау облысының Құрметті азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Есен Тасқынбайұлы - 90 жаста. Бар ғұмырын елдің өркендеуіне, қоғамда ізгі құндылықтардың қалыптасуына арнап келе жатқан тұлға - Есен Тасқынбайұлы бүгін университетке келіп, кездесуге қатысты. -«Құтты қонақпен бірге қос қуаныш қатар келеді» деген бабалар даналығы бар. Есен Тасқынбайұлы білім алған Ресейдегі Губкин атындағы мұнай және газ университетінің филиалы біздің университет базасында ашылатын болды. Бұл бастама шетелдік жұмыс күшін алмастыратын білікті отандық мамандарды даярлау бағытындағы жұмыстардың лайықты жалғасын табуына серпін береді,- деп атап өтті «С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова. Кездесуге өңірге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері Мәдина Ғабдусалимова, Мақсым Ізбасов, Мұрат Өтешов, Зұлбұхар Сүйнешов, Рысқали Сисатов, Қосан Тасқынбаев және мерейгердің ағайын-туыстары, студенттер қатысты. Мемлекет және қоғам қайраткері Есен Тасқынбайұлы студенттік шағынан, өмір жолынан тағылымды әңгіме айтып, университет ұжымына табыс тіледі.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN