AOGU supports UN Agenda

Университетіміздегі «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенті Эльдар Кошенов «Қос дипломды білім беру» бағдарламасы арқылы Польшадағы Ян Амос Коменский атындағы қолданбалы ғылымдар университетінде дипломдық жұмысын сәтті қорғады. Қос дипломды білім беру бағдарламасы – студенттер мен оқытушылардың, зерттеуші-серіктестердің халықаралық жеке қарым-қатынасының бірегей ортасында білім алу мүмкіндігі. Бүгінде АтМГУ студенттері бірқатар шетелдік жетекші университеттерде осы жоба аясында оқып жатыр. Эльдар - Польшадағы аталған университеттің мехатроника мамандығынан бакалавр біліктілігін алған алғашқы қазақ инженері! Мехатроника - елімізде жаңадан дамып келе жатқан инновациялық сала. Ол енді болашағын осы мамандықпен байланыстыруды мақсат етіп отыр. Студентіміз биыл әлемнің 80 елі мойындаған еуропалық (Польша) дипломмен бірге С.Өтебаев атындағы АтМГУ дипломын алады.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN