AOGU supports UN Agenda

«НӘДІРОВ ОҚУЛАРЫ» БАСТАЛДЫ Университетте «Ғылыми дәстүрлер сабақтастығы және мамандыққа адалдықтың жарқын үлгісі» тақырыбында XIV Халықаралық ғылыми Нәдіров оқулары басталды. Іс-шара ҚР ҰҒА академигі, көрнекті ғалым, Қазақстанның мұнай-химия ғылыми мектебінің негізін қалаушы Нәдіров Нәдір Кәрімұлының 90 жылдығына арналып отыр. Ұйымдастырушылар: ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, Атырау облысы әкімдігі, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті. Нәдір Кәрімұлы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде де еңбек етіп, шәкірт тәрбиеледі. Атыраулық жас ғалымдарды ғылымға баулып, ғылыми жетекші болды. Ғалым-ұстаздың 90 жылдығына орай бүгін С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Мұнайхимия инженериясы және экология институтына академик Н.Нәдіровтің есімі беріліп, ғимаратқа ескерткіш тақта орнатылады. Халықаралық ғылыми Нәдіров оқулары ғылыми жұмыстар мен инженерлік шығармашылықты және оқу үдерістерін заманауи жетелдіру мақсатында 2001 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінде Нәдіров оқулары Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, т.б. елдер арасындағы ғылыми байланысты нығайтып, жас ғалымдардың пікір алмасып, тәжірибе бөлісетін алаңына айналды. Конференцияға Атырау облысының әкімі М.Ж.Досмұхамбетов, ҚР Парламент Сенаты депутаты Б.Т.Жұмағұлов, «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Қазақстанның еңбек ері» Ұ.С.Қарабалин, Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттерінің ректорлары мен профессорлары, елімізге белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысуда.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN