AOGU supports UN Agenda

«Елімізге білімі жоғары, парасатты адамдар керек. Жалпы адами капитал жоғары болуы қажет», - деп атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan арнасына берген сұхбатында. Жаңа экономика құруда отандық университеттердің бәсекеге қабілетті болуы маңызды. Ал ол үшін барлық саладағы кадрлар біліктілігі – басты мәселе. Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Жоғары оқу орны қабырғасында теория мен тәжірибені ұтымды үйлестіру - дуалды оқыту технологиясының негізі. Кәсіби білікті маман даярлауда университет пен индустрияның өзара байланысы оң нәтиже береді. АтМГУ дуалды оқыту және мансап Орталығында «Бертлинг Қазақ Лоджистик» логистикалық компаниясы өкілдерімен кездесу өтті. Бағдарлама бойынша іріктеуден өткен студенттер аталған компанияға жұмысқа барады.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN