AOGU supports UN Agenda

Университетіміздің Жалпы білім беру факультетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Дина Муфтахқызы Диарова «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Марапатты кеңейтілген ғылыми Кеңесте Университеттің Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова табыстап, Дина Муфтахқызының еңбегіне табыс тіледі. Дина Мұфтахқызы Диарова Сафи Өтебаев атындағы АтМГУ-де 30 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Еңбек жолын қарапайым оқытушылық қызметтен бастап, университетте тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор; ғылыми жұмыстар мен халықаралық байланыс жөніндегі проректор; стратегиялық даму жөніндегі проректор және академиялық мәселелер жөніндегі проректор лауазымында болып, жауапкершілігі жоғары құрылымдық бөлімдерді басқарды. Аспан механикасы есептеріндегі математикалық модельдеу саласындағы бірқатар монографиялардың, оқу құралдарының, ғылыми мақалалардың, жоғары математиканы оқыту әдістемесінің, жалпы айтқанда, 90-нан астам ғылыми еңбек пен 8 оқу құралының авторы. «Халық алғысы» медалімен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс істейтін, пандемиямен күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN