AOGU supports UN Agenda

Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамынан жасақталған кәсіби бағдар берушілер тобы Орал, Ақсай, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Түркістан, Шымкент қалаларында іссапармен жүр. Мақсат - мектеп оқушыларының болашақ мамандықтарын таңдауына бағыт-бағдар беру. Жоба аясында жұмыс тобы өңірлердегі мектептерге барып, АтМГУ-дің артықшылықтары, мамандықтар мен құзыреттер туралы мәлімет береді. Мамандықты дұрыс таңдау – оқушының өзіне де, қоғамға да пайдалы. Еңбек нарығының сұранысы мен мүддесіне сәйкес келетін және өз қабілеті мен бейіміне сай мамандықтың иесі болу – болашақ үшін де маңызды. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті – Қазақстандағы мұнай-газ саласына кадр даярлайтын бірден-бір мамандандырылған жоғары оқу орны. Біздің түлектеріміз еліміздің мұнай саласындағы ғана емес, өзге де ірі кәсіпорындарда үлкен сұранысқа ие: жыл сайынғы статистика бойынша оқу орнын бітірген түлектердің жұмыспен қамтылуы 80%-дан жоғары. Арманға қадамды АтМГУ-мен бірге баста!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN