AOGU supports UN Agenda

21 ақпан - Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің негізін қалаған алғашқы ректоры Төлеуіш Пәуеденұлы Серіковтің туған күні. Төлеуіш Пәуеденұлын құрметпен еске ала отырып, «Заңғар» кітабында жарияланған «С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның еңбек ері», техника ғылымдарының докторы Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалиннің естелігін назарларыңызға ұсынамыз. АРДАҚТЫ АЗАМАТ Ер еңбекте сыналады. Осы бір нақыл айтыла қалса, менің жадыма бақытын адал еңбектен тапқан азаматтар оралады. Атырау аймағына ғана емес, елімізге, тіпті шетелдерге білімді де білікті, парасат-пайымы жоғары тұлға ретінде белгілі Төлеуіш Серіков те осы қатардан еді. Өткен ғасырдың 60-жылдарында Атырауда ашылған Бүкілодақтық сырттай оқытатын политехникалық институт, кейін В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының жалпытехникалық факультеті Төлеуіш Пәуеденұлындай сөзіне де, ісіне де берік азаматтар болмағанда, тоқсаныншы жылдардың тоқырауында есігіне қара құлып ілініп қала берер ме еді? Ал қара алтынды қазыналы өлкеге жоғары білім бар мұнай-газ саласының мамандары қашан да қажет болды. Бұл бүгін жазуға ғана оңай шығар, бірақ «бір үстел, екі орындық» қана бар, материалдық-техникалық базасы қалыптаспаған, ғылым докторлары мен профессорларды айтпағанда, қарапайым оқытушылардың өзі жетіспейтін кезеңде Төлеуіш Серіков Атырау мұнай және газ институтының негізін қалады. Кейін оны университет дәрежесіне дейін көтеруге бар күш-жігерін салды. Тыным таппайтын ізденімпаздығы оны басшылық қызметте де қарап отырғыза алмады. Жастайынан ден қойған ғылым саласын айрықша маңыз беріп, қазыналы аймақта мұнай-газ геологиясы, бұрғылау, кен орындарын игеру, тасымалдау, шикізаттарды қайта өңдеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізді, жетекшілік етті. Атырауда мұнай-газ өнеркәсіптерін білікті мамандармен қамтуды басшылыққа алды. Елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласты. Депутат болды. Туған жеріндегі қаншама түйткілді мәселелердің шешімін табуына ықпал етту, жылағанды жұбатты, қайғырғанға қамқорлық көрсетті. Осының өзі оның биік адамгершілік парасатын аңғартып тұратын.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN